ИНТУБАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ТЫРТЫҚТЫ КӨМЕЙ СТЕНОЗЫ БАР ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫН АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ: РЕТРОСПЕКТИВТІ СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.64854/2790-1289-2026-53-3-04
Аңдатпа
Кіріспе. Ерте жастағы балалардағы көмейдің интубациядан кейінгі тыртықтық стенозы, әсіресе қарқынды терапия алған және ұзақ уақыт интубацияда болған пациенттерде, клиникалық тұрғыдан маңызды жағдай болып табылады. Қазақстанда осы патологиясы бар балалардың көпшілігі Университеттік медициналық орталықта ем алады, алайда олардың нутритивтік мәртебесі туралы деректер шектеулі. Жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы обструкциясы энергия шығынының артуына, жұтынудың бұзылуына және тағам тұтынудың азаюына әкелуі мүмкін, бұл тамақтану жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады. Зерттеудің мақсаты − көмейдің интубациядан кейінгі тыртықтық стенозы бар ерте жастағы балалардың нутритивтік мәртебесінің антропометриялық көрсеткіштерін бағалау.
Материалдар мен әдістер. Университеттік медициналық орталықта ем алған, көмейдің интубациядан кейінгі тыртықтық стенозы бар 5 жасқа дейінгі 95 баланың медициналық құжаттамасы негізінде бір орталықты ретроспективті сипаттамалық зерттеу жүргізілді. Дене дамуы ДДҰ стандарттарына (2006 ж.) сәйкес жасына шаққандағы дене салмағы, жасына шаққандағы бой ұзындығы және бой ұзындығына шаққандағы дене салмағы бойынша антропометриялық Z-score көрсеткіштері арқылы бағаланды. Z-score мәндерінің −2 стандартты ауытқудан (SD) төмен болуы тамақтану бұзылыстарының белгілері ретінде қарастырылды.
Нәтижелер. Дене салмағының тапшылығы («жасына шаққандағы дене салмағы» көрсеткіші бойынша) балалардың 27,4 %-ында, ал бой өсуінің тежелуі («жасына шаққандағы бой ұзындығы» көрсеткіші бойынша) пациенттердің 23,2 %-ында анықталды. Тамақтанудың жедел жеткіліксіздігінің белгілері («бой ұзындығына шаққандағы дене салмағы» көрсеткіші бойынша) балалардың 28,4 %-ында тіркелді. Пациенттердің 20,0 %-ы қосымша энтеральды тамақтандыру алды. Алынған деректер көмейдің интубациядан кейінгі тыртықтық стенозы бар ерте жастағы балалардың едәуір бөлігінде тамақтанудың жедел және созылмалы бұзылыстарының антропометриялық белгілері байқалатынын көрсетеді.
Қорытынды. Көмейдің интубациядан кейінгі тыртықтық стенозымен ауруханаға жатқызылған ерте жастағы балаларда дене салмағының тапшылығын, жүдеуді (вастинг) және бой өсуінің тежелуін қоса алғанда, нутритивтік мәртебе бұзылыстарының жоғары жиілігі анықталды. Зерттеу нәтижелері нутритивтік мәртебені күнделікті клиникалық тәжірибеде скринингтен өткізудің, қауіп тобындағы пациенттерді ерте анықтаудың және жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы обструкциясы бар балаларды кешенді емдеудегі нутритивтік қолдаудың рөлін бағалау үшін одан әрі проспективті зерттеулер жүргізудің қажеттілігін растайды.
Авторлар туралы
Н. СагандыковаҚазақстан
Сағандықова Назым − PhD, оториноларинголог дәрігер
Астана
А. Машекова
Қазақстан
Машекова Айгерім − PhD, бас ғылыми қызметкер
Астана
М. Бауржан
Қазақстан
Бауржан Мадина − PhD, қауымдастырылған профессор, ғылыми-зерттеу басқармасының басшысы
Астана
Д. Ауталипов
Қазақстан
Ауталипов Дархан − қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, оториноларинголог дәрігер
Астана
С. Таджибаева
Қазақстан
Таджибаева Сәуле − медицина ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор
Астана
С. Қайыргелдина
Қазақстан
Қайыргелдина Саягүл − медицина ғылымдарының кандидаты, директор
Астана
Әдебиет тізімі
1. Calder, P. C., & Jackson, A. A. (2000). Undernutrition, infection and immune function. Nutrition Research Reviews, 13(1), 3-29. DOI: https://doi.org/10.1079/095442200108728981.
2. Mehta, N. M., Corkins, M. R., Lyman, B., Malone, A., Goday, P. S., Carney, L. N., Monczka, J. L., Plogsted, S. W., & Schwenk, W. F. (2013). Defining pediatric malnutrition: A paradigm shift toward etiology-related definitions. Journal of Parenteral and Enteral Nutrition, 37(4), 460-481. DOI: https://doi.org/10.1177/0148607113479972.
3. Prendergast, A. J., & Humphrey, J. H. (2014). The stunting syndrome in developing countries. Paediatrics and International Child Health, 34(4), 250-265. DOI: https://doi.org/10.1179/2046905514Y.0000000158.
4. Walson, J. L., & Berkley, J. A. (2018). The impact of malnutrition on childhood infections. Current Opinion in Infectious Diseases, 31(3), 231-236. DOI: https://doi.org/10.1097/QCO.0000000000000448.
5. Mandal, A., Kabra, S. K., & Lodha, R. (2015). Upper airway obstruction in children. Indian Journal of Pediatrics, 82(8), 737-744. DOI: https://doi.org/10.1007/s12098-015-1811-6.
6. Simonassi, J. I., & Canzobre, M. T. (2022). Predictores de obstrucción alta de vías respiratorias posterior a la extubación en niños graves. Andes Pediatrica, 93(4), 543-551. DOI: https://doi.org/10.32641/andespediatr.v93i4.4155.
7. Yawn, R. J., Acra, S., Goudy, S. L., Flores, R., & Wootten, C. T. (2015). Eosinophilic laryngitis in children with aerodigestive dysfunction. Otolaryngology–Head and Neck Surgery, 153(1), 124-129. DOI: https://doi.org/10.1177/0194599815577568.
8. Mehta, N. M., Skillman, H. E., Irving, S. Y., Coss-Bu, J. A., Vermilyea, S., Farrington, E. A., McKeever, L., Hall, A. M., Goday, P. S., & Braunschweig, C. (2017). Guidelines for the provision and assessment of nutrition support therapy in the pediatric critically ill patient: Society of Critical Care Medicine and American Society for Parenteral and Enteral Nutrition. Journal of Parenteral and Enteral Nutrition, 41(5), 706-742. DOI: https://doi.org/10.1177/0148607117711387.
9. Di Giovanni, V., Bourdon, C., Wang, D. X., Seshadri, S., Senga, E., Versloot, C. J., Voskuijl, W., Semba, R. D., Trehan, I., Moaddel, R., Ordiz, M. I., Zhang, L., Parkinson, J., Manary, M. J., & Bandsma, R. H. (2016). Metabolomic changes in serum of children with different clinical diagnoses of malnutrition. The Journal of Nutrition, 146(12), 2436-2444. DOI: https://doi.org/10.3945/jn.116.239145.
10. Dipasquale, V., Cucinotta, U., & Romano, C. (2020). Acute malnutrition in children: Pathophysiology, clinical effects and treatment. Nutrients, 12(8), Article 2413. DOI: https://doi.org/10.3390/nu12082413.
11. Golshah, A., Sadeghi, M., & Sadeghi, E. (2024). Evaluation of serum/plasma levels of interleukins (IL-6, IL-12, IL-17, IL-18, and IL-23) in adults and children with obstructive sleep apnea: A systematic review, meta-analysis, and trial sequential analysis. Journal of Interferon & Cytokine Research, 44(7), 300-315. DOI: https://doi.org/10.1089/jir.2024.0057.
12. Chang, A. B., Bell, S. C., Byrnes, C. A., Grimwood, K., Holmes, P. W., King, P. T., Kolbe, J., Landau, L. I., Maguire, G. P., McDonald, M. I., Reid, D. W., Thien, F. C., & Torzillo, P. J. (2010). Chronic suppurative lung disease and bronchiectasis in children and adults in Australia and New Zealand. Medical Journal of Australia, 193(6), 356-365. DOI: https://doi.org/10.5694/j.1326-5377.2010.tb03949.x.
13. World Health Organization. (2006). WHO child growth standards: Length/height-for-age, weight-for-age, weight-for-length, weight-for-height and body mass index-for-age: Methods and development. Retrieved March 15, 2026, from https://www.who.int/publications/i/item/924154693X
14. de Onis, M., Borghi, E., Arimond, M., Webb, P., Croft, T., Saha, K., De-Regil, L. M., Thuita, F., Heidkamp, R., Krasevec, J., Hayashi, C., & Flores-Ayala, R. (2019). Prevalence thresholds for wasting, overweight and stunting in children under 5 years. Public Health Nutrition, 22(1), 175-179. DOI: https://doi.org/10.1017/S1368980018002434.
15. World Health Organization. (2013). Guideline: Updates on the management of severe acute malnutrition in infants and children. Retrieved March 15, 2026, from https://www.who.int/publications/i/item/9789241506328
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Сагандыкова Н., Машекова А., Бауржан М., Ауталипов Д., Таджибаева С., Қайыргелдина С. ИНТУБАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ТЫРТЫҚТЫ КӨМЕЙ СТЕНОЗЫ БАР ЖАС БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫН АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ: РЕТРОСПЕКТИВТІ СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері. 2026;(3):64-74. https://doi.org/10.64854/2790-1289-2026-53-3-04
For citation:
Sagandykova N., Mashekova A., Baurzhan M., Autalipov D., Tadzhibaeva S., Kairgeldina S. ANTHROPOMETRIC ASSESSMENT OF NUTRITIONAL STATUS IN YOUNG CHILDREN WITH POST-INTUBATION CICATRICIAL LARYNGEAL STENOSIS: A RETROSPECTIVE DESCRIPTIVE STUDY. Actual Problems of Theoretical and Clinical Medicine. 2026;(3):64-74. https://doi.org/10.64854/2790-1289-2026-53-3-04
JATS XML
