Preview

Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері

Кеңейтілген іздеу

Редакция саясаты

Журнал бөлімдері

ӘДЕБИ ШОЛУЛАР
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
БІРТУМА ЗЕРТТЕУЛЕР
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
ӘР ТҮРЛІ
Таңдалды Қолжазбаларды еркін нысанда беру Таңдалды Индексация Таңдалды Рецензиялаумен
 

Журналдың саясаты және жариялау этикасы

                       Журналдың саясаты және жариялау этикасы

Жарияланымдардың сапасын арттыру, авторлардың зияткерлік меншікке құқықтарын қамтамасыз ету және жарияланым қызметінде теріс көзқарасты практиканы болдырмау мақсатында журнал редакциясы өз жұмысында редакция әзірлеген мақалалар этикасы жөніндегі  негіздермен, халықаралық стандарттар негізінде әзірленген жарияланым этикасының қағидаттарын, атап айтқанда: ғылыми мақалалар этикасы жөніндегі комитетінің (the Committee on Publication Ethics – COPE) редакциясына, Халықаралық медициналық журнал редакторлары комитеті бекіткен «биомедициналық журналдарға ұсынылатын қолжазбаларға қойылатын бірыңғай талаптар: биомедициналық басылымдарды жазу және редакциялау» (ICMJE.org), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 971 – 984 баптарына сәйкес редакция әзірлеген ережелерді басшылыққа алады, сондай-ақ  беделді халықаралық журналдар мен баспалардың тәжірибесін ескереді. Редакторлар, авторлар, рецензенттер, сондай-ақ баспа процесіне қатысатын мекемелердің этикалық стандарттарды, нормалар мен ережелерді сақтауға және олардың бұзылуын болдырмау үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдауға міндетті.

  • Еркін қол жеткізу саясаты. Будапешттің «ашық қол жетімділік» бастамасына сәйкес, журнал жарияланған материалдарға ашық қол жетімділікті ұсынады, бұл зерттеу нәтижелеріне медицинаның дамуы үшін жедел жаһандық білім алмасуға ықпал етеді.

Журналды шығару кезіндегі негізге алынатын принциптер:

Ғылыми жарияланымдардың авторлық этикасы. Автор (немесе авторлар тобы) келесі принциптерді сақтауы керек:

1) мақала авторлары жүргізілген зерттеулердің дұрыс нәтижелерін ұсынуға тиіс.

2) авторлар ұсынылған қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелерінің толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі керек.

3) авторлар журналға басқа журналға жіберілген және қаралып жатқан қолжазбаны, сондай-ақ басқа журналда жарияланған мақаланы ұсынбауы керек.

4) мақаланың тең авторлары зерттеу жүргізуге елеулі үлес қосқан барлық тұлғаларды көрсетуі тиіс.

5) авторлар қолжазбаны бағалауға және түсіндіруге әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысын ашуы керек,олар қолжазбада міндетті түрде көрсетілуі керек.

6) авторлар өздері жариялауға берген, жариялау үшін қабылданған немесе бұрыннан жарияланған жұмыста қате анықталған жағдайда журнал редакциясына дереу хабарлауға, сондай-ақ редакцияға қатені түзетуге жәрдемдесуге міндетті.

7) авторлар авторлық құқықты қорғау туралы заңнаманың нормаларын сақтауы тиіс.

8) авторлар үшінші тұлғалардың зерттеулеріне қатысты сын немесе ескертулер айта отырып, этикалық нормаларды сақтауға тиіс.

9) авторлар редакциялық кеңестің / редакциялық алқаның және рецензенттердің жұмысына құрметпен қарауға және аталған кемшіліктерді жоюға немесе оларды дәлелді түрде түсіндіруге тиіс.

Ғылыми басылымдарға рецензиялау этикасы. Рецензент авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізеді, соның салдарынан оның іс-әрекеттері мынадай қағидаттарды орындаудан тұратын бейтарап сипатта болуы тиіс:

  • Рецензиялау үшін алынған қолжазба құпия құжат ретінде қаралуы тиіс, оны редакциядан өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаларға танысу немесе талқылау үшін беруге болмайды.
  • Құпиялылықты бұзу материалдардың дұрыстығы немесе бұрмалануы туралы мәлімделген жағдайда ғана мүмкін болады, қалған барлық жағдайларда оны сақтау міндетті.
  • Рецензенттерге қолжазбалардағы материалдар мен деректерді өздерінің жеке қажеттіліктері үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
  • Рецензент қолжазбаның ғылыми деңгейін арттыруға бағытталған, баяндалған зерттеу нәтижелеріне объективті және дәлелді баға беруге міндетті. Автордың жеке сынына жол берілмейді.
  • Рецензент дәйексөз келтірілмеген ұқсас жарияланған жұмыстарды атап өтуі тиіс.
  • Рецензент егер қандай да бір мүдделер қақтығысын анықтаса, журналдың редакциясына хабарлауға міндетті.
  • Мақалада қаралатын мәселелер бойынша маман болып табылмайтынын немесе мақалаға рецензияны уақтылы ұсына алмайтынын есептейтін рецензент ұсынылған мақаланы рецензиялаудың мүмкін еместігі туралы редакцияға дереу хабарлауға тиіс.

Ғылыми басылымдарды редакциялау этикасы. Өз қызметінде редакция, редакциялық-баспа тобының қызметкерлері және журналдың редакциялық кеңесінің/редакциялық алқасының мүшелері мынадай қағидаттарды сақтайды:

1) Редакция размещает информационные материалы для авторов (перечень необходимых требований к оформлению статей, порядок рассмотрения и рецензирования статей) на сайте Журнала. Редакция журнал сайтында авторларға арналған ақпараттық материалдарды (мақалаларды ресімдеуге қойылатын қажетті талаптардың тізбесін, мақалаларды қарау және рецензиялау тәртібін) орналастырады.

2) Журналдың редакциясы ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуы тұрғысындағы қолжазбаны тексеру нәтижелеріне және рецензиялау нәтижелеріне сүйене отырып, жарияланымдарды қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім қабылдайды. Редакция жала, қорлау, плагиат немесе авторлық құқықты бұзу белгілері бар мақаланы жариялаудан бас тартуға құқылы.

3) Мақаланы жариялау туралы немесе жариялаудан бас тарту туралы түпкілікті шешімді Бас редактор журналдың редколлегия мүшелерімен бірлесіп қабылдайды. Шешім және оны шығару себептері авторларға хабарланады.

4) Журнал редакциясы құпиялылыққа кепілдік береді, яғни ұсынылған қолжазба туралы ақпаратты тиісті авторлардан, рецензенттерден, басқа редакциялық кеңесшілерден және қажет болған жағдайда баспагерден басқа ешкімге айтпауға міндеттенеді.

5) Журнал редакциясы авторлардың нәсіліне, жынысына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына немесе саяси қалауына қарамастан мақалалардың қолжазбаларына құпия, тәуелсіз, адал және объективті рецензиялауға кепілдік береді.

6) Журнал редакциясы жеткілікті тәжірибелі және мүдделер қақтығысы жоқ, жариялау үшін қаралатын материалдарға қатысты тәуелсіз рецензенттерді таңдайды.

7) Журнал редакциясы жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету және арттыру, оқырмандар мен авторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, отандық және шетелдік ғылымның дамуына елеулі үлес қосу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

8) Жарияланатын ғылыми-зерттеу материалдарының жоғары сапасының негізгі көрсеткіштері ретінде редакция мыналарды есептейді: қолжазбаның журнал тақырыбына сәйкестігі, өзектілігі, ғылыми маңыздылығы, жаңалығы, баяндаудың анықтығы, ұсынылған материалдардың толықтығы,  нәтижелердің сенімділігі және қорытындылардың нақтылығы қабылданады.

9) Редакция бизнес немесе саясатқа  қатысты материалдарды жариялауға шешім қабылдауықпалын болдырмауға және коммерциялық мүдделердің зияткерлік және этикалық стандарттарға нұқсан келтіруіне жол бермеуге міндеттенеді.

10) Журнал редакциясы редакциялық кеңес және редакциялық алқа құрамына журналдың дамуына белсенді жәрдемдесетін жоғары білікті мамандарды шақыру және қабылдау  бойынша жұмыстар жүргізеді.

11) Редакция сарапшылардың рецензиялау, редакциялау және жарияланымдарды бағалау процестерін үнемі жетілдіріп отырады.

12) Редакция суреттермен айла-шарғы жасау, плагиат, қайталайтын жарияланымдарды мұқият қарауға кепілдік береді. Мазмұндық, грамматикалық, стилистикалық және өзге де қателер анықталған кезде редакция оларды жою үшін барлық шараларды қолдануға міндеттенеді.

13) Редакция автормен мақалаға енгізілген редакторлық корректураны келіседі. Журнал редакциясы жарияланымнан бас тартылған қолжазба материалдарының автордың жазбаша келісімінсіз редакциялық алқа мүшелерінің өз зерттеулерінде пайдаланылмауына кепілдік береді.

14) Редакция қолжазбалар және жарияланған мақалалар авторларының әдепке жат мінез-құлқына қойылған әрбір талапты оны алған уақытына қарамастан жедел қарауға,  кінә артуға қатысты орынды шаралар қолдануға міндеттенеді. Талап-арыздың дәлелдері расталған жағдайда журналдың редакциясы мақаланы жариялаудан бас тартуға, автормен одан әрі ынтымақтастықты тоқтатуға, тиісті теріске шығаруды жариялауға, сондай-ақ осы автордың әдепке жат мінез-құлқының одан әрі болдырмау  үшін өзге де қажетті шараларды қабылдауға құқылы.

15) Жұмыста даусыз қателер анықталған кезде жарияланатын деректердің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімде түзетулерді, түсіндірулерді, қабылдамауларды және кешірім сұрауларды жариялау мүмкіндігі көзделеді.

16) Бас редактор ауысқан кезде жаңа Бас редактор плагиат немесе деректерді бұрмалау сияқты елеулі проблемалар анықталған жағдайларды қоспағанда, алдыңғы редакторлардың шешімдерін жоймауы керек.

Мүдделер қақтығысы туралы декларация:

Мүдделер қақтығысы, Жарияланымдар этикасы комитетінің (COPE) анықтамасына сәйкес, авторлардың, рецензенттердің немесе редакциялық алқа мүшелерінің жеке, қаржылық немесе кәсіби мүдделері жарияланған материалдарды бағалау және шешім қабылдау кезінде олардың объективтілігіне әсер етуі мүмкін жағдай. Мұндай қақтығыс объективті ғылыми қарауды қиындатуы мүмкін және соңғы нәтижеге келгенде қолжазбаны жариялау туралы редакциялық шешімдерге әсер етуі мүмкін.

Журналдың бас редакторының орынбасары жариялау процесінің барлық қатысушыларынан ықтимал мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты ашуды талап етуге міндетті.

Ғылыми редакторлар, редакциялық алқа мүшелері және рецензенттер өз шешімдерінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін кез келген мүдделер қақтығысы туралы хабарлауға міндетті.

Редакция алқасының мүшелері қолжазбаларды, егер олар авторлармен бәсекелестік қатынаста болса немесе басқа мүдделер қақтығысы болса, қараудан бас тартуы керек.

Журнал редакциясы қарастырылып отырған материалға қатысты тәуелсіз, жеткілікті біліктілігі бар және мүдделер қақтығысы жоқ рецензенттерді іріктейді. Рецензент қолжазбаны бағалаудан бас тартуға міндетті, егер ол осы мақалаға байланысты автормен немесе ұйыммен кез-келген бәсекелестік, бірлескен немесе басқа қатынастарға байланысты мүдделер қақтығысы болса.

Авторлық құқық

Автор баспагерге Creative Commons Attribution 4.0 License лицензиясы негізінде айрықша құқық береді:

– мақаланың негізгі ережелерін өзгертпейтін редакциялау;

– журналды тарату арқылы шығарманы пайдалану;

– шығарманың толық мәтінді нұсқасын журнал сайтында, ғылыми ақпараттың өзге де дерекқорларында, электрондық-кітапханалық жүйелерде, Интернет желісіндегі ғылыми ақпараттық ресурстарда ашық қолжетімділікте орналастыру;

– өтеусіз негізде метадеректерді (атауы, автордың (құқық иеленушінің) аты-жөні, аннотациялар, библиографиялық материалдар және т. б.) «Қазақстандық дәйексөз базасы» ғылымиметриялық дерекқорына енгізу және басқа дәйексөз дерекқорларында жалпыға бірдей назарға жеткізу, өңдеу және жүйелеу мақсатында пайдалану.

Автор баспагерге өзінің дербес деректерін мерзім бойынша шектеусіз (Тегі, Аты, Әкесінің аты; білімі туралы мәліметтер; жұмыс орны және атқаратын лауазымы туралы мәліметтер) оларды әртүрлі деректер базаларында және ақпараттық жүйелерде сақтау және өңдеу, аналитикалық және статистикалық есептіліктерге енгізу, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының объектілерінің дербес деректерімен және т. б. негізді өзара байланыстарын жасау үшін ұсынады. Баспагер аталған деректерді өңдеу және сақтау үшін үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

Авторлар өз мақалаларын басқа дереккөздерде (мысалы, институционалдық мұрағатта, әлеуметтік желілерде және т.б.) осы журналдағы түпнұсқа жарияланымына міндетті түрде сілтеме жасай отырып тарата алады.

Қаржыландыру. Авторлар мақаланың құрылымдық бөлігі ретінде жарияланатын зерттеулерді қаржыландыру көзі (гранттар, мемлекеттік бағдарламалар, жобалар және т.б.) туралы ақпаратты ұсына алады.

 

Бастапқы қарау тәртібі және мақалаларға қойылатын талаптар

    • Журнал редакциясы медициналық білім беру, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медицинағылымы және клиникалық практика саласындағы ғылыми көзқарастарды,теориялық-қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен жетістіктерін көрсететін ғылыми мақалаларды қарауға қабылдайды.
    • Редакция материалдарды журналдың сайтында online режимінде келесі талаптар сақталған жағдайда қабылдайды:
  • Журналдың редакциясына жіберілетін мақалаларға қойылатын талаптардың сақталуы. Тіркеу ережелері журналдың сайтында орналасқан krmu.edu.kz;
  • ұсынылған материалдардың журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі;
  • жариялау этикасын, мақалаларды қабылдау және рецензиялау қағидаларын сақтау;
  • мақалабұрын жарияланбауы және басқа басылымдарда қарауға берілмеуі тиіс.
    • Материалдарды алу туралы авторларды хабардар ету online-форматта жүзеге асырылады.
    • Алдын ала қарау мерзімі: 2-3 апта ішінде.
    • Журнал редакциясын ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор және ғылыми жұмыс департаменті қадағалайды.

 

Рецензиялау

Редакцияға түскен барлық қолжазбалар рецензентке автордың деректері белгісіз, ал авторларға рецензенттің деректері белгісіз болатын қос жасырын рецензиялау (double-blind review) процесінен өтеді.       

Рецензияда мынадай тармақтар қамтылады: журнал бейініне сәйкестік, зерттеу әдістерінің барабарлығы, жүргізілген бақылаулардың жеткіліктілігі, нәтижелерді статистикалық өңдеу, материал мен мақала көлемінің сәйкестігі, мақаланы ресімдеу, сапа, 3 тілдегі аңдатпа және түйін сөздер, иллюстрациялық материал, дереккөздер тізімін ресімдеу.

         Журнал редакциясы рецензент ретінде редакциялық алқа мүшелерін, сондай-ақ жоғары білікті сыртқы сарапшылар мен практик-мамандар қатысады. Рецензия Қосымша 2-ге сәйкес түсініктемелермен ресімделеді.

         Рецензенттерге оларға берілген мақалалар авторлардың зияткерлік меншігі болып табылатындығы және жария етуге жатпайтын мәліметтерге жататындығы туралы хабарланады. Рецензенттерге мақалалардың көшірмелерін өз қажеттіліктері үшін жасауға және оны жарияламас бұрын жұмыстың мазмұны туралы білімді өз пайдасына пайдалануға рұқсат етілмейді.

         Рецензенттің қорытындысына сәйкес мақала автордың ескертулерін пысықтағаннан / жойғаннан кейін жариялауға кеңес береді немесе мақаланы жариялауға ұсынбайды. Рецензиялаудан кейін жарияланымның орындылығы туралы шешімді редакция қабылдайды.        

Автор ұсынған материалдар мен рецензияға қатысты қабылданған оң шешім негізінде авторға қабылданған шешімді және журналдың жарияланған жерінің нөмірін көрсете отырып, электрондық мекенжайға хат жолданады.

         Егер мақала рецензенттің ескертулері пысықталғаннан және жойылғаннан кейін жариялануы мүмкін болса, онда авторға ескертулерге пысықтау / жауап беру жөніндегі ұсынымдары бар хат немесе рецензенттің ескертулері бар рецензияның көшірмесі жіберіледі. Мақала пысықтауға қайтарылады және көрсетілген мерзімде қайта рецензиялауға ұсынылуы тиіс. Рецензенттер мен журналдың редакциясы мақала авторларымен жасалған ескертулер туралы пікірталасқа түспейді.

Мақала жарияланымнан ауытқыған жағдайда журнал редакциясы авторға дәлелді бас тартуды және рецензенттің ескертулерімен бірге рецензияның көшірмесін жібереді.

Рецензиялау нәтижелері бойынша редакция, редакция қабылдамаған мақалалардың материалдары өзмақсаттарында пайдаланылмайды.

Қолжазба шолулары журналдыңэлектрондықплатформасындаүшжылбойыэлектрондытүрдесақталады.

Рецензиялау мерзімін мақалаға жауапты редактор тағайындайды, ал рецензенттердің қолжазбаны қарау мерзімі рецензенттерге материал жіберілген күннен бастап екі айдан аспайды.

  Плагиат жайлы

  • Журналда ықтимал жариялау үшін редакцияға келіп түскен ғылыми мақалалар бірінші кезекте «Антиплагиат» жүйесінде тексеріледі. Мәтіннің өзіндік ерекшелігі кем дегенде 75 % болуы керек. Түпнұсқалық мәтіннің өзіндік дәйексөзінен, дәйексөзінен және өзіндік ерекшелігінен тұрады.
  • Антиплагиат жүйесі арқылы тексеру үшін мақала «doc / docx» пішімінде жүктеледі.
  • Кем дегенде 75 % өзіндік ерекшелігі бар мәтіндер плагиат пен жосықсыз көшіруге тексеріледі. Мақала жазу кезінде пайдаланылатын материалдар ақпарат пен деректер көздеріне сілтемелерді көрсете отырып, тиісті түрде ресімделуі тиіс. Плагиатты жасыруға, сондай-ақ деректерді бұрмалауға бағытталған техникалық манипуляцияларды пайдалануға жол берілмейді.
  • Жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT және т.б.) пайдалану кезінде авторлар ұсынылған материалдың дұрыстығына көз жеткізіп, мақаланың тиісті құрылымдық бөлімінде әдістеме сипаттамасында осы құралдарды пайдалану дәрежесі мен нысанын көрсетуі керек. Журналдың редакциясы жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, мақала жазуда авторлық дербестіктің жеткіліксіздігі анықталған кезде келіп түскен қолжазбаны қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Қайталанатын сөз тіркестері және шаблон құрылымдары.Нейрондық желілер жиіқайталанатын сөз тіркестеріннемесебірдейсөйлемқұрылымдарын пайдаланады.

Артық ақпарат немесе шамадан тыс қысқалық.Нейрондық желі жасағанмәтінмақаланыңнегізгітақырыбынақатысыжоқтымкөпмәліметтердіқамтуымүмкіннемесе,керісінше,күрделімәселелергежеткіліктітүсініктемебермей,тымқысқажәнеҮстірт болуы мүмкін.

Терең талдаудың болмауы.Нейрондық желілер жалпымазмұндыжасайалады,бірақкөбінесетереңталдау жасай алмайды немесекүрделіқорытындыжасай алмайды.Егермақаладаегжей-тегжейліталдаусызнемеселогикалыққорытындысызкөптегенжалпымәлімдемелерболса,бұлмәтінніңЖИ арқылы жасалғанының белгісіболуымүмкін.

Фактілер мен логикадағы қателіктер. Нейрондық желілер грамматикалық тұрғыдан дұрыс мәтін жасай алады, кейде нақты ақпаратта немесе логикада қателіктер жібереді. Бұл мәлімдемелердегі Қайшылықтар, дереккөздерге дұрыс емес сілтемелер немесе шындыққа сәйкес келмейтін деректер болуы мүмкін.

Стандартты емес тұжырымдар.Нейрондық желілер ана тіліндесөйлейтіндерсирекқолданатынерекшенемесетабиғи емес сөз тіркестерінқолдануымүмкін.Бұлтұжырымдарбіртүрлінемесежасанды болып көрінуімүмкін.

Артық формальдылық немесе орынсыз стиль. Нейрондық желі жазған мәтіндер тым ресми немесе керісінше тым бейресми болуы мүмкін. Мұндай стильдегі диссонанс ЖИ пайдаланудың көрсеткіші болуы мүмкін. Жеке тәжірибенің немесе ерекше көзқарастың болмауы. Нейрондық желілер мәтінді бар деректерге сүйене отырып жасайды және өзіндік тәжірибесі жоқ. Егер мақалада бірегей мысалдар, жеке көзқарастар немесе түпнұсқа идеялар болмаса, бұл оның автоматты түрде жасалуын көрсетуі мүмкін.

Терминологиядағы сәйкессіздік. Күрделі ғылыми мақалаларда дәл және дәйекті терминдерді қолдану маңызды. Нейрондық желілер кейде терминдер мен шатасуы немесе оларды дұрыс пайдаланбауы мүмкін, бұл маманның көзіне түсуі мүмкін.

Кенеттен ауысулар және жетіспейтін өтпелі сөйлемдер. Нейрондық желі бір тақырыптан екінші тақырыпқа кенеттен ауысуы бар мәтінді тегіс ауысусыз немесе түсіндірусіз жасай алады, бұл мәтінді түсінуді қиындатады.

Дереккөздерді анықтаудың қарапайымдылығы. Мақала жазу кезінде нейрондық желі терген мәтінді интернеттен кеңейтілген іздеу арқылы оңай табуға болады.

Көптеген қарыздар анықталған жағдайда редакция материалды жариялауға қабылдамайды. Журналдың редакциясы жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, мақала жазуда авторлық дербестіктің жеткіліксіздігі анықталған кезде келіп түскен қолжазбаны қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Авторлар ұсынылған жұмыстың түпнұсқалығына кепілдік беруі керек.

Құқықтары

Журнал редакциясына мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы берілді:

1) келіп түскен мақалалар мен хат-хабарларды есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

2) редакциялық алқа мүшелерін және ТМД елдерінен білікті, медицина және денсаулық сақтау саласындағы шетелдік мамандарды осы жұмысқа тарта отырып, мақалаларға өтеусіз, сапалы және уақтылы рецензиялауды ұйымдастырады;

3) авторлармен, рецензенттермен және редакциялық кеңестің / редакциялық алқаның мүшелерімен хат алмасу арқылы мақалаларды сараптау және қайта өңдеу процесін үнемі бақылайды;

4) редакциялық кеңестің / редакциялық алқаның отырыстарына материалдар дайындайды және оларды өткізуді ұйымдастырады;

5) мақалалардың келіп түскен күнін ескере отырып, авторлық мақалалардың редакциялық алқасы мақұлдаған санынан журналдың кезекті нөмірлерінің мазмұнын қалыптастырады;

6) журнал нөмірлерін қосарланған (ғылыми және әдеби) редакциялауды және мақала авторларын тарта отырып түзетуді жүзеге асырады;

7) компьютерлік беттеуді жүзеге асыру және журнал нөмірлерінің түпнұсқа-макеттерін дайындау;

8) ай сайын университет порталындағы журналдың сайтын жаңарту және халықаралық дерекқорларға уақтылы жіберу: Elibrary.ru (РИНЦ), CyberLeninka және т.б.;

9) отандық ғылыми кітапханаларда журналды тираждауды, жарнамалауды, таратуды ұйымдастырады.

10) рейтингтің жоғарылауына, беделдің өсуіне және журналдың танымал болуына ықпал ететін басқа да жұмыстарды орындайды.

Журнал редакциясының қызметкерлері құқық берді:

1) Университеттің құрылымдық бөлімшелерінен, қызметтерінен және қызметкерлерінен жұмысқа қажетті мәліметтерді, материалдар мен ақпаратты сұрату;

2) жұмыс істеу үшін қажетті ақпаратқа (құжаттар мен мәліметтер базасына) қол жеткізу;

3) журнал қызметінің бағыттары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттамамен танысу;

4) жабдықталған жұмыс орындары, есептеу техникасы және байланыс құралдары болуы керек;

5) біліктілікті арттыру.

Бас редактордың құқығы:

1) журнал қызметінің мәселелері бойынша журнал атынан әрекет ету, журнал қызметінің бағыттары бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде бөгде ұйымдармен өзара қарым-қатынаста оның мүдделерін ұсыну;

2) журнал қызметіне қатысты редакциялық кеңестің және редакциялық алқаның отырыстарына және университеттің өзге де отырыстарына қатысу;

3) журналдың кезекті нөмірлеріне теруге және басып шығаруға қол қою;

4) өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және визамен растау, тартылатын қызметкерлермен шарттарды визамен растау;

5) журнал қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысу;

6) журнал қызметіне қатысты университет шарттарын орындау бойынша жұмыстарға басшылық жасау;

7) редакция, редакциялық кеңес, редакциялық алқа қызметкерлеріне (дербес, оның ғылыми мүдделерін ескере отырып) келіп түскен мақаланың сараптама процесіне жетекшілік етуді тапсыру;

8) журнал қызметін жүзеге асыру үшін бөлінетін қаржы қаражатын пайдалануды реттеу.

Автор баспагерге айрықша құқық береді:

– мақаланың негізгі ережелерін өзгертпейтін редакциялау;

– журналды тарату арқылы шығарманы пайдалану;

– шығарманың толық мәтінді нұсқасын журнал сайтында, ғылыми ақпараттың өзге де дерекқорларында, электрондық-кітапханалық жүйелерде, Интернет желісіндегі ғылыми ақпараттық ресурстарда ашық қолжетімділікте орналастыру;

– өтеусіз негізде метадеректерді (атауы, автордың (құқық иеленушінің) аты-жөні, аннотациялар, библиографиялық материалдар және т. б.) «Қазақстандық дәйексөз базасы» ғылымиметриялық дерекқорына енгізу және басқа дәйексөз дерекқорларында жалпыға бірдей назарға жеткізу, өңдеу және жүйелеу мақсатында пайдалану.

Жауапкершілік

Бас редактор жауапкершілігі:

1) редакциялық алқа жұмысын, журналдың әрбір нөмірін қалыптастыру мен жариялаудың барлық процесін ұйымдастыру және үйлестіру;

2) жариялауға қабылданған мақалалардың сапасы мен өзектілігі;

3) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне «бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен қойылатын талаптарды орындау.

Баспагер, редакциялық-баспа тобының қызметкерлері және журналдың редакциялық кеңесінің / редакциялық алқасының мүшелері авторлық туындыларды жариялауға жауапты.

Автор (немесе авторлар ұжымы) ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен дұрыстығына бастапқы жауапты болады.

 

Авторлардың құқықтары

Осы журналда жариялаған авторлар, келесілермен келіседі:

  • Авторлар жұмысқа авторлық құқықты сақтайды және журналға Creative Commons Attribution License шарттары бойынша жұмысты бірінші рет жариялау құқығын береді, бұл басқаларға осы жұмыстың авторларына және осы журналдағы түпнұсқа басылымға сілтемелерді міндетті түрде сақтай отырып, осы жұмысты таратуға мүмкіндік береді.

  • Авторлар жұмыстың нұсқасын осы жерде жарияланған түрде эксклюзивті емес таратуға қатысты жеке келісімшарттық келісімдер жасау құқығын сақтайды (мысалы, оны институттық қоймада орналастыру, кітапта жариялау), оның осы журналдағы түпнұсқа басылымына сілтеме жасай отырып.

  • Авторлар өз жұмыстарын Интернет желісіне (мысалы, институттық қоймада немесе жеке сайтта) осы журналды қарау процесіне дейін және оның барысында орналастыруға құқылы, өйткені бұл нәтижелі талқылауға және осы жұмысқа көбірек сілтемелерге әкелуі мүмкін (the effect of Open Access қараңыз).

 

Жарияланым ақысы

Журналда жариялау авторлар үшін тегін.Редакция авторлардан материалдарды дайындау, орналастыру және басып шығару үшін ақы алмайды.