2025 жылғы 25-26 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған «Neurology UPDATE in KAZAKHSTAN 2025» VII халықаралық білім беру форумы өтті. Форум аясында біздің журнал клиникалық жағдайды жариялаумен таныстырылды.
Медицина ғылымдарының докторы, "С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ № 2 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры, ««Neuroscience» Қазақстан ұлттық неврологтар Қауымдастығы» ЗТБ Президенті Каменова Салтанат Уәлихановнаға, сондай-ақ, MD, PhD, FEAN, «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Неврология және қолданбалы нейроғылымдары» ғылыми-білім беру орталығының жетекшісіне Кондыбаева Аида Муратовнаға қолдау және жәрдемдескені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. |
||||||