Несеп тас ауруын эндоскопиялық емдеу әдістері
Аңдатпа
Несеп тас ауруы- эндогенді және экзогенді себептермен, онымен қоса тұқымқуалаушылыққа бейімділікпен шақырылған, бүйректе және несеп жолдарында тастардың түзілуімен сипатталатын зат алмасу ауруы. Нефролитиаз- жоғары жиілікте кездесетін урологиялық ауру. Несеп тас ауруы- эндемиялық сипаттағы ауру, осыған байланысты кейбір аймақтарда кездесу жиілігі жоғары. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында несеп тас ауруының оперативті емі басым түрде- эндоскопиялық емдеу әдістері арқылы жүргізіледі. Эндоскопиялық оперативті ем- байланысты-лазерлік уретеролитотрипсия деп аталады. Бұл емдеу әдісі- тастардың әсіресе несепағардағы орналасуында тиімді. Зерттеу мақсаты: №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген науқастардағы несеп тас ауруының кез- десу жиілігін және емдеу әдістерінің нәтижелерін анықтау. Зерттеу әдісі: №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне несеп тас ауруымен жеткізіліп, емделген науқастарға кешенді талдау жүргізілді. Нефролитиазбен ауыратын науқастар- жасы мен жынысы, конкременттің локализациясы мен мөлшері бойынша үлестірілді. Зерттеу нәтижелері: Қабылдау бөліміне жеткізілген науқастардың негізгі шағымы- бел аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну болды. Ауырсынудың интенсивтілігі зақымдалған, яғни тас орналасқан бүйрек жағында жоғары. Несеп тас ауруында негізінен кешенді ем жүргізіледі: консервативті және оперативті емдеу әдістері. Талдау жүргізілген 33 (73,3%) науқасқа- байланысты-лазерлік уретеролитотрипсия жүргізілді. Лазерлік литотрипсия нәтижесінде- конкремент ұсақталып, қалдықтары фрагментацияланды. Ал, кешенді талдау жүргізілген 12 (26,6%) науқаста- бүйректің тостағанша-астауша жүйесі мен несепағардағы конкременттердің мөлшері кіші болғандықтан (< 0,5 см) медикаментозды ем жүргізілді. Медикаментозды ем- уродинамиканы күшейту арқылы, жоғарғы және төменгі несеп жолдарындағы конкременттердің өздігінен шығуына, несеп жолдарындағы инфекцияға қарсы және тастарды ерітуге (литолиз) бағытталды.
Авторлар туралы
А. А. ХамзинҚазақстан
Р. А. Фролов
Қазақстан
А. С. Оразалиев
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Урология: Н.А.Лопаткин, А.Г.Пугачев, О.И.Аполихин- 5-ші басылым, М.:ГЭОТАР-МЕД, 2016, 259-292 беттер.
2. Бектурганов Ш.Е. Оценка и повышение эффективности лечения коралловидного нефролитиаза, Алматы 2003.
3. Алшынбаев М.К. Қазақстандағы несеп тас ауруы. Жағдайды талдау мен келешегі, Алматы 2015.
4. Нефрология: Под редакцией С.И.Рябова, И.А.Ракитянской, СПб, 2013.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Хамзин А.А., Фролов Р.А., Оразалиев А.С. Несеп тас ауруын эндоскопиялық емдеу әдістері. Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері. 2019;(3):27-29.
For citation:
KHAMZIN A.A., FROLOV R.A., ORAZALIEV A.S. ENDOSCOPIC METHODS OF TREATMENT OF UROLITHIASIS DISEASE. Actual Problems of Theoretical and Clinical Medicine. 2019;(3):27-29. (In Kazakh)