HELICOBACTER PYLORI-ДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ХАБАРДАРЛЫҚ ПЕН ҚАБЫЛДАУ КЕДЕРГІЛЕРІН ТАЛДАУ
https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-02
Аңдатпа
Кіріспе. Қазақстан Республикасында Helicobacter pylori (H. pylori) мәселесі бірқатар аймақтарда асқазан-ішек ауруларының жоғары жиілігімен және заманауи диагностикалық және емдік әдістерге қолжетімділіктің шектелуімен ерекше маңызға ие. Халықаралық клиникалық нұсқаулардың болуына қарамастан, бұл тәсілдерді клиникалық тәжірибеге енгізу тек техникалық және ұйымдастырушылық қолдауды ғана емес, сонымен қатар бастапқы және мамандандырылған дәрігерлерден хабардарлықтың және міндеттеменің жоғары деңгейін талап етеді.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы дәрігерлердің Helicobacter pylori инфекциясын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері, сондай-ақ диспепсиялық бұзылыстарды симптоматикалық емдеу жөніндегі хабардарлық деңгейін бағалау, аталған инфекцияның алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін негізгі тосқауылдарды анықтау.
Материалдар мен әдістер. Бұл сипаттамалық бақылау зерттеуі барысында Қазақстанның 6 облысынан 175 жалпы тәжірибелік дәрігер/учаскелік дәрігерге (ЖТД) және 35 гастроэнтерологқа сауалнама жүргізілді.
Нәтижелер. Зерттеу гастроэнтерологтардың ЖТД салыстырғанда H. pylori диагностикасы мен емдеуінің заманауи тәсілдерінен хабардар болу деңгейі жоғары екенін көрсетті. H. pylori сынамасын тағайындау себептерін салыстырмалы талдау гастроэнтерологтар ЖТД қарағанда жиі анемияны (68,6% және 48,0%, p = 0,028), сондай-ақ отбасылық анамнезінде асқазан обырының (91,4% және 66,3%, p = 0,02) қарастыратынын көрсетті. Гастроэнтерологтар үшін де, ЖТД үшін де H. pylori инфекциясын емдеу режимін таңдаудың ең маңызды критерийі клиникалық хаттамалардың ұсыныстары болып қала береді, оларды екі топтағы мамандардың 90%-дан астамы ұстанады (p = 0,734). Сонымен қатар, гастроэнтерологтар ЖТД-мен салыстырғанда антибиотиктерге жергілікті төзімділік туралы деректерді айтарлықтай жиі ескереді (65,7% және 43,4%; p = 0,025). Эрадикациялық терапияның сәтсіздігінің негізгі себебіне, екі топтағы мамандардың пікірінше, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін, пациенттердің H. pylori персистенциясының қаупі және емдеуді аяқтаудың маңыздылығы туралы жеткіліксіз хабардар болуын жатқызуға болады.
Қорытынды. Гастроэнтерологтар ЖТД-мен салыстырғанда хабардарлық деңгейі жоғары, заманауи диагностикалық әдістерді жиі қолданады және емдеу режимдерін таңдау кезінде жергілікті антибиотиктерге төзімділікке назар аударады. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек буынының дәрігерлері пациенттерді бағыттауда негізгі бөлім болып қала береді, бірақ олардың қосымша оқыту мен қолдауға деген қажеттіліктері әлдеқайда айқын.
Авторлар туралы
Д. А. КайбуллаеваҚазақстан
медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Ішек ауруларын зерттеу бойынша Қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ төрайымы,
Алматы
П. А. Мулдашева
Қазақстан
Маңғыстау облысының штаттан тыс бас гастроэнтерологы,
Ақтау
А. Е. Уалиева
Қазақстан
PhD, қауымдастырылған профессор, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі,
Алматы
Әдебиет тізімі
1. Bhandari A., Crowe S.E. Helicobacter pylori in Gastric Malignancies // Curr. Gastroenterol. Rep. – 2012. – Vol. 14(6). – P. 489-496. – DOI: https://doi.org/10.1007/s11894-012-0296-y.
2. Wroblewski L.E., Peek R.M., Wilson K.T. Helicobacter pylori and Gastric Cancer: Factors That Modulate Disease Risk // Clin. Microbiol. Rev. – 2010. – Vol. 23(4). – P. 713-739. – DOI: https://doi.org/10.1128/CMR.00011-10.
3. Malfertheiner P. et al. Helicobacter pylori infection // Nat. Rev. Dis. Primers. – 2023. – Vol. 9(1). – P. 19. – DOI: https://doi.org/10.1038/s41572-023-00431-8.
4. Salih B.A. Helicobacter pylori Infection in Developing Countries: The Burden for How Long? // Saudi J. Gastroenterol. – 2009. – Vol. 15(3). – P. 201-207. – DOI: https://doi.org/10.4103/1319-3767.54743.
5. Aldhaleei W.A. et al. Helicobacter pylori: A concise review of the latest treatments against an old foe // Cleveland Clinic J. Med. – 2024. – Vol. 91(8). – P. 481-487. – DOI: https://doi.org/10.3949/ccjm.91a.24031.
6. Бажикова А. С. Эрадикация Helicobacter pylori-инфекции в Казахстане [Электронный ресурс] // Информационная система ПАРАГРАФ (Web-сайт). – 2009. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30489425 (дата обращения: 06.07.2025).
7. Jaroń K. et al. Diagnostic and therapeutic recommendations on Helicobacter pylori infection. Recommendations of the Working Group of the Polish Society of Gastroenterology // Prz. Gastroenterol. – 2023. – Vol. 18(3). – P. 225-248. DOI: 10.5114/pg.2023.131998.
8. Sun M. et al. A scoping review of worldwide guidelines for diagnosis and treatment of Helicobacter pylori infection // Syst. Rev. – 2025. – Vol. 14. – Article No. 107. – DOI: https://doi.org/10.1186/s13643-025-02816-0.
9. Boltin D., Dotan I., Birkenfeld S. Improvement in the implementation of Helicobacter pylori management guidelines among primary care physicians following a targeted educational intervention // Ann. Gastroenterol. – 2019. – Vol. 32(1). – P. 52-59. – DOI: 10.20524/aog.2018.0329.
10. Pourhoseingholi M.A., Vahedi M., Rahimzadeh M. Sample size calculation in medical studies // Gastroenterol. Hepatol. Bed Bench. – 2013. – Vol. 6(1). – P. 14-17. – DOI: https://doi.org/10.22037/ghfbb.v6i1.332.
11. Maqbul M.S. et al. Prevalence of knowledge and awareness about Helicobacter pylori infection among urban population of Kingdom of Saudi Arabia // Gastroenterology & Endoscopy. – 2024. – Vol. 2(4). – P. 196-204. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.gande.2024.08.001.
12. Na’amnih W. et al. Physicians’ adherence to management guidelines for H. pylori infection and gastroesophageal reflux disease: a cross-sectional study // Israel J. Health Policy Res. – 2020. – Vol. 9(1). – P. 28. – DOI: https://doi.org/10.1186/s13584-020-00389-y.
13. O’Connor A., Gisbert J., O’Morain C. Treatment of Helicobacter pylori infection // Helicobacter. – 2009. – Vol. 14(1). – P. 46-51. – DOI: 10.1111/j.1523-5378.2009.00704.x.
14. Graham D.Y., Shiotani A. New concepts of resistance in the treatment of Helicobacter pylori infections // Nat. Clin. Pract. Gastroenterol. Hepatol. – 2008. – Vol. 5(6). – P. 321-331. – DOI: 10.1038/ncpgasthep1138.
15. Camilleri M. et al. Clinical guideline: management of gastroparesis // Am. J. Gastroenterol. – 2013. – Vol. 108(1). – P. 18-37. – DOI: 10.1038/ajg.2012.373.
16. Tack J., Camilleri M. New developments in the treatment of gastroparesis and functional dyspepsia // Curr. Opin. Pharmacol. – 2018. – Vol. 43. – P. 111-117. – DOI: 10.1016/j.coph.2018.08.015.
17. Wasko-Czopnik D., Wiatrak B. The efficacy and safety of itopride as an add-on therapy to a proton pump inhibitor in the treatment of gastroesophageal reflux disease // Prz. Gastroenterol. – 2024. – Vol. 19(1). – P. 60-66. – DOI: 10.5114/pg.2023.133915.
18. Lefebvre M. et al. Adherence and barriers to H. pylori treatment in Arctic Canada // Int. J. Circumpolar Health. – 2013. – Vol. 72. – DOI: 10.3402/ijch.v72i0.22791.
19. Huguet J.M. et al. Role of compliance in Helicobacter pylori eradication treatment: Results of the European Registry on H. pylori management // United European Gastroenterol. J. – 2024. – Vol. 12(6). – P. 691-704. – DOI: 10.1002/ueg2.12569.
20. Shakya Shrestha S. et al. Medication Adherence Pattern and Factors affecting Adherence in Helicobacter pylori Eradication Therapy // Kathmandu Univ. Med. J. (KUMJ). – 2016. – Vol. 14(53). – P. 58-64.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Кайбуллаева Д.А., Мулдашева П.А., Уалиева А.Е. HELICOBACTER PYLORI-ДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: ХАБАРДАРЛЫҚ ПЕН ҚАБЫЛДАУ КЕДЕРГІЛЕРІН ТАЛДАУ. Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері. 2025;(3). https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-02
For citation:
Muldasheva P., Ualiyeva A., Kaibullayeva J. MODERN APPROACHES TO THE DIAGNOSIS AND THERAPY OF HELICOBACTER PYLORI: ANALYSIS OF AWARENESS AND PERCEPTION BARRIERS. Actual Problems of Theoretical and Clinical Medicine. 2025;(3). https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-02