Preview

Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері

Кеңейтілген іздеу

ДЖАЙНАКБАЕВ НУРЛАН ТЕМИРБЕКОВИЧ

Лауазымы: «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің ректоры.

Білімі: Алматы мемлекеттік медициналық институты (АММИ), Емдеу ісі; М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Заң ғылымдары мамандықтары.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Ғылыми қызметі және еңбек өтілі: 1997 жылы Санкт-Петербургте кандидаттық диссертациясын қорғады, ал 2004 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 2005 жылы медицина кафедрасында доцент ғылыми атағы берілді. 2006 жылы негізгі мәселені шешкені үшін Н.Т. Джайнакбаевқа профессор атағы берілді. Қазақстан Республикасының Клиникалық және іргелі медицина ғылымдары академиясының Вице-президенті.

  • 1986-1987 интернатура
  • 1987-1992 ГБСП; 1992-1995 ГБСП
  • 1995-1997 МЧС АО «Химпром»
  • 1997-1998 «Қазақстан темір жолы»
  • 1998-1998 «Қазақстан темір жолы»
  • 1998-2000 ГМУ «Желдормедицина»
  • 2000-2002 ОАО «Медициналық көлік қызметі»
  • 2002-2005 «ҚМИ» МЕББМ ректоры
  • 2005-2010 «ҚМУ» МЕББМ ректоры
  • 2010 жылдан бастап, қазіргі уақытта «Қазақстан-Ресей медициналық универси теті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің ректоры.

Сертификаттары: «Институционалды аккредиттеу шеңберінде университеттің өзін – өзі бағалау туралы есеп дайындау»; IAAR-дың – «Білім сапасын қамтамасыз етудің университеттік жүйесін дамыту»; «ИСО 9001: 2015 Сапа менеджменті жүйесінің менеджері / ішкі аудиторы» тақырыбы бойынша 01.31. -03.02.2017 ж. оқу курстарын аяқтап, СERT Academy for Central Asia, IRCA Lead Auditor сертификаттарымен марапатталды.

Марапаттары: «Еңбек айырмасы үшін» медалі, 2012 ж. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 10 жыл» мерейтойлық медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы.

Н.Т. Джайнакбаев біршама оқу-әдістемелік құралдардың авторы, 100 жуық ғылыми мақалалар, 7 монография, 1 Халықаралық «Қазақстанның апаттық медицинасы» оқулығының авторы. 5 өнертабыстың, патенттердің, оның ішінде Еуразиялық патент авторы.

2015 жылы Н.Т. Жайнақбаев Оксфорд академиялық бірлестігінің «Жылдың ғалымы» Халықаралық конкурсының, әлеуметтік ғылымдар категориясында «Мобильді медицина» секциясын қатысып дипломмен марпатталды.