ЖАТАҒАН СҮТТІГЕН (EUPHORBIA HUMIFUSA WILLD.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ
https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-09
Аңдатпа
Бүгінгі таңда, өсімдіктердің биологиялық активті заттарының негізінде өсімдік фармацевтикалық субстанциясын әзірлеу өзекті болып табылады. Осы орайда, еліміздің аумағында өсетін, құрамы биологиялық белсенді заттарға бай жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды оңтайлы бөліп алудың әдістерін іздеу, фармакопея талаптарына сай экстракт алу, сонымен қатар зерттеулерде маңызды болып табылатын өсімдік шикізатының технологиялық параметрлерін анықтау маңызды болып табылады.
Бұл ғылыми мақалада жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) өсімдік шикізатының фармацевтико-технологиялық параметрлері анықталды.
Зерттеудің мақсаты. Жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) шөбінің жер үсті бөлігінің фармацевтико-технологиялық параметрлерін анықтау.
Әдістер мен материалдар. Зерттеу материалы жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) шөбінің жапырағы мен сабағы. Өсімдік шикізатының фармацевтико-технологиялық параметрлерін анықтауда келесі әдістер: меншікті салмақ (dу, г/см³), көлемдік салмақ (d₀, г/см³), себілмелі салмақ (dH, г/см³), шикізаттың кеуектілігі (Пж), шикізаттың қуыстылығы (Пс), шикізат қабатының бос көлемі (V) және өсімдік шикізатының экстрагентті жұту коэффициентін (Х, мл/г) анықтау әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде өсімдік шикізатының меншікті салмағы (dу) – 1,31±0,017 г/см3, көлемдік салмағы (d₀) – 0,32±0,010 г/см3, себілмелі салмағы (dH) – 0,12±0,002 г/см3, қуыстылығы (Пс) – 0,75±0,014 г/см3, шикізаттың кеуектілігі (Пж) – 0,60±0,005 г/см3 және шикізат қабатының бос көлемі – 0,90±0,011 г/см3 мәндері анықталды. Сонымен қатар, өсімдік шикізатының фармакопеялық сапа көрсеткіштері ылғалдылық – 7.95±0,05 %, жалпы күлділік – 6,63±0,12 % және 10 % HCl ерітіндісіндегі ерімейтін күл – 1,25±0,10 % мөлшерінде екендігі, Euphorbia humifusa Willd. құрамында кадмий, сынап, қорғасын және мышьяк ауыр металдарының мөлшері және радионуклидтерден стронций (90) мен цезий (137) элементтерінің мөлшері рұқсат етілген мәнде екендігі анықталды.
Қорытындылар. Euphorbia humifusa Willd. құрамында кадмий және сынап ауыр металдары табылған жоқ, ал, қорғасын және мышьяк мөлшері 1.5.3.009 фармакопея мақаласының «Дәрілік өсімдік шикізаты және дәрілік өсімдік препаратының құрамындағы ауыр металдарды анықтау» құжатында бекітілген көрсеткіштерге сай.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Г. М. ҒаниҚазақстан
К. С. Жакипбеков
Қазақстан
У. М. Датхаев
Қазақстан
М. З. Аширов
Қазақстан
Н. А. Рахымбаев
Қазақстан
Э. А. Серикбаева
Қазақстан
Ж. Д. Сейтова
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Ernst M., Grace O. M., Saslis-Lagoudakis C. H. et al. Global medicinal uses of Euphorbia L. (Euphorbiaceae) // Journal of Ethnopharmacology. – 2015. – Vol. 176. – P. 90-101. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.jep.2015.10.025.
2. The State Pharmacopoeia Commission of PRC, Pharmacopoeia of the People’s Republic of China // Chemical Industry Press, Beijing. – 2000.
3. Deng F., Tang N., Xu J. et al. New alpha-pyrrolidinonoids and glycosides from Euphorbia humifusa // Journal of Asian Natural Products Research. – 2008. – Vol. 10(5-6). – P. 531–539. – DOI: https://doi.org/10.1080/10286020801967045.
4. Tian Y., Sun L. M., Li B. et al. New anti-HBV caryophyllane-type sesquiterpenoids from Euphorbia humifusa Willd. // Fitoterapia. – 2011. – Vol. 82(2). – P. 251-254. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.fitote.2010.10.005.
5. Tian Y., Sun L. M., Liu X. Q. et al. Anti-HBV active flavone glucosides from Euphorbia humifusa Willd. // Fitoterapia. – 2010. – Vol. 81(7). – P. 799-802. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.fitote.2010.04.012.
6. Lu Z. Q., Chen G.T., Zhang J. Q. et al. Four New Lanostane Triterpenoids from Euphorbia humifusa // Helvetica Chimica Acta. – 2007. – Vol. 90(11). – P. 2245-2250. – DOI: https://doi.org/10.1002/hlca.200790233.
7. Yoshida T., Amakura Y., Liu Y. Z., Okuda T. Tannins and Related Polyphenols of Euphorbiaceous plants. XI. Three New Hydrolyzable Tannins and a Polyphenol Glucoside from Euphorbia humifusa // Chemical and Pharmaceutical Bulletin. – 1994. – Vol. 42(9). – P. 1803-1807. – DOI: https://doi.org/10.1248/cpb.42.1803.
8. Luyen B. T., Tai B. H., Thao N. P. et al. Anti-inflammatory components of Euphorbia humifusa Willd. // Bioorganic & Medicinal Chemistry Letters. – 2014. – Vol. 24(8). – P. 1895-1900. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.bmcl.2014.03.014.
9. Han D. H., Lee M. J., Kim J. H. Antioxidant and apoptosis-inducing activities of ellagic acid // Anticancer Research. – 2006. – Vol. 26(5A). – P. 3601-3606. – URL: https://ar.iiarjournals.org/content/26/5A/3601.long.
10. Li Z. J., Guo X., Dawuti G., Aibai S. Antifungal Activity of Ellagic Acid In Vitro and In Vivo // Phytotherapy Research. – 2015. – Vol. 29(7). – P. 1019-1025. – DOI: https://doi.org/10.1002/ptr.5340.
11. Kemboi D., Peter X., Langat M., Tembu J. A Review of the Ethnomedicinal Uses, Biological Activities, and Triterpenoids of Euphorbia // Molecules (Basel, Switzerland). – 2020. – Vol. 25(17). – Article No. 4019. – DOI: https://doi.org/10.3390/molecules25174019.
12. Kemboi D. M., Dinala M., Mokwana N. Flavonoids from the Genus Euphorbia: Isolation, Structure, Pharmacological Activities and Structure-Activity Relationships // Pharmaceuticals (Basel). - 2021. – Vol. 14(5). – DOI: https://doi.org/10.3390/ph14050428
13. Минина С. А., Каухова И. Е. Химия и технология фитопрепаратов: Учебное пособие // – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 560 с.
14. Государственная фармакопея Республики Казахстан. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – Т. 1. – 567 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ғани Г.М., Жакипбеков К.С., Датхаев У.М., Аширов М.З., Рахымбаев Н.А., Серикбаева Э.А., Сейтова Ж.Д. ЖАТАҒАН СҮТТІГЕН (EUPHORBIA HUMIFUSA WILLD.) ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ. Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері. 2025;(3). https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-09
For citation:
Gani G.M., Zhakipbekov K.S., Datkhayev U.M., Ashirov M.Z., Rakhymbayev N.A., Serikbayeva E.A., Seitova Zh.D. DETERMINATION OF PHARMACEUTICAL-TECHNOLOGICAL PARAMETERS OF THE PLANT RAW MATERIAL EUPHORBIA HUMIFUSA WILLD. Actual Problems of Theoretical and Clinical Medicine. 2025;(3). https://doi.org/10.64854/2790-1289-2025-49-3-09