ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ РӨЛІ
https://doi.org/10.24412/2790-1289-2021-24043
Аңдатпа
Мақалада 5-ші және 6-шы курс студенттерінің медициналық-профилактикалық іс-әрекеті негізінде денсаулықты сақтау және халық денсаулығының қауіп-қатерінің алдын алу қажеттіліктерін гигиеналық тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Қауіп факторларын жоюға және салауатты өмір салтын тәрбиелеуге негізделген әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу бойынша халық арасындағы алдын алу жұмыстарының табысты болуына халық пен медицина қызметкерлерінің бірлескен мақсатты күш-жігерінің нәтижесінде ғана қол жеткізіледі. Университеттің ғылымибілім беру миссиясы денсаулық сақтау технологияларының идеяларын, білімдерін, әзірлемелерін тарату, халықты ағарту арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты 5-6 курс студенттері біздің қаламыздың денсаулық сақтау мәселелері, туберкулез, ЖИТС және гепатит және басқа да аурулардың алдын алу мәселелері бойынша өзекті болып табылатын мектептерде, колледждерде және басқа да оқу орындарында дәрістер оқиды. Социологиялық сауалнама нәтижелері бойынша университет студенттерінің бүкіл халықтың өмір қауіпсіздігіне қол жеткізу және білім беру процесінің барлық субъектілерінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тиімді, гигиеналық оқыту және тәрбиелеу әдістері туралы пікірі зерттелді. Жұмыстың бұл аспектісі «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ студенттерінің мәдени қозғалысының, еңбек, лекторлық және волонтерлік қызметінің тұрақты әлеуметтік зерттеулерін (тұтынушылардың қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу, студенттердің рухани трансформациясы) жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
Университетте білім беру, тәрбие, ғылым және практиканың маңызды элементтерін біріктірудің дәстүрлі базалық қағидаты осы интеграциямен негізделген нәтижелерге ие. Олардың бірі студенттердің дәрістік мәдениетін тәрбиелеуге қатысты «Зияткерлік қызметті мамандық ретінде түсіну және дәрістік шеберлікке қабілеттілікті дамыту».
Авторлар туралы
Н. Т. ДжайнакбаевҚазақстан
м.ғ.д., профессор
С. Н. Третьякова
Қазақстан
А. О. Сейдалин
Қазақстан
м.ғ.д., профессор
Т. Х. Хабиева
Қазақстан
доцент
М. В. Давыденко
Қазақстан
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Джайнакбаев Н.Т., Третьякова С.Н., Сейдалин А.О., Хабиева Т.Х., Давыденко М.В. ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ РӨЛІ. Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері. 2021;(2):40-43. https://doi.org/10.24412/2790-1289-2021-24043
For citation:
Jainakbayev N.T., Тretyakova S.N., Seidalin A.J., Khabieva T.Kh., Davydenko M.V. THE ROLE OF STUDENTS IN SANITARY AND PROPHYLACTIC ACTIVITIES AMONG THE POPULATION. Actual Problems of Theoretical and Clinical Medicine. 2021;(2):40-43. (In Russ.) https://doi.org/10.24412/2790-1289-2021-24043