Preview

Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
3-7 223
Аңдатпа

Ақылы және тегін медициналық қызметті көрсету бойынша шетелдік тәжірибені зерттеу және оның Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінде қолданылуы» тақырыбына арналған шолу және аналитакалық мақаласы шетел тәжірибесіндегі пациенттерге арналған тегін және ақылы медициналық қызметті қаржыландыру және ұйымдастырудың тиімді инструменттері мен механизмдерін шолу болып табылады. Мақалада Швеция, Франция және АҚШ денсаулық сақтау жүйелері зерттелген. Қарастырылған әрбір жүйенің өз құндылықтары бар: Швецияда - пациентке өзінің емделген жайттары туралы пікірлерін қалдыруға, ал үкіметке денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жоспарлауға ақпарат жинауға мүмкіндік беретін сапа реестрі енгізілген; Францияда – жалпы тәжірибелік дәрігерлер, сонымен қатар медицина мамандары ұлттық бірыңғай жүйеге біріктірілген. Жақын жерде орналасқан дәрігер және қызметтің ақысы туралы ақпаратты осы жүйеден ала алады, сондай-ақ жүйеде барлық пациенттер де тіркелген; АҚШ – медициналық қызмет ақысының жоғары болуына байланысты, пациенттердің медициналық көмекті алуына қосымша қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпаратты беру инстументтері енгізілген. Зерттелген шетелдік тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуына көмектесетін ұсыныстар дайындауға болады.

12-13 155
Аңдатпа

Мақалада Денсаулық сақтау мамандарын ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету технологиясын жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізген алкоголизмнің алдын алу мәселелері бойынша халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шолу келтіріледі. Қазақстан Республикасында бүгінгі күні маскүнемдік пен маскүнемдіктің алдын алу бойынша арнайы мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда, сау өмір салтын насихаттау жүзеге асырылуда

14-15 170
Аңдатпа

Бұл мақалада егде жастағы адамдарға арналған күндізгі күтім орталығын құру және артериялық гипертензия және когнитивті бұзылулар сияқты жалпы терапевтік аурулармен медициналық және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету қарастырылған. Баяндамада медициналық, психологиялық, әлеуметтік, физикалық сауықтыру арқылы егде жастағы адамдарға алдыналудың тәсілдері көрсетілген.

16-18 190
Аңдатпа

Қазіргі күні студент қыздарда анемияның және латентті темір тапшылықтың даму проблемасының маңызы зор. Және осы бойжеткен қыздар бірнеше жылдан соң репродукциялық функцияларын жүзеге асыруға кіріседі. Олар анемия фонында жүкті болған жағдайда, бұл күй күшейе түседі де, анемиялық синдроммен бала дүниеге келеді. Ана анемиясы – бала анемиясы – жасөспірім анемиясы – студент-қыз анемиясы – жүкті әйел анемиясы. Репродуктивтік денсаулыққа анемияның теріс әсер ететіні белгілі, ал атап айтқанда сол студент-қыздар еліміздің репродуктивтік потенциалын құрайды.

24-26 168
Аңдатпа

Қынаптық микрофлора қатаң,жеке болып табылады,тіпті етеккір циклының ережелерін өзгертуде қабілетті болуы мүмкін. Бұдан басқа да,әр түрлі жастағы этникалық топтардың,географиялық аймақтарға таралуы. Осыған байланысты қынаптың ықтимал нұсқалары қалыпты микробиоц еноз (нормоценоз).

27-31 185
Аңдатпа

Қазақстан қалқанша безінің аурулары бойынша эндемиялық қолайсыз аймақ болып табылады. Әйелдердің репродуктивті жүйесі үшін қауіпті аурулардың бірі аутоиммунды тиреоидит болып табылады. Әсіресе, АИТ гинекологиялық және акушерлік патологиямен жиі үйлеседі. Өз кезегінде ҚР кіші жамбас органдарының қабыну ауруларының деңгейі өте жоғары.
Өз кезегінде кешірек емдеу ауыр салдарға әкеледі: бедеулікке. Гормоналды контрацептивтер арқылы жыныстық гормондарға әсер етуге болады, олар алмасу процестерін реттейді және антимикробтық әсерге ие болып табылады. Гормоналды контрацепция қан сарысуындағы ТТГ және бос Т4 гормондарының болуына теріс әсер етпейді, ал керісінше, ТПО, ТГ антиденелер деңгейіне иммуносупрессивті әсер етеді, АИТ ағымына жағымды әсер етеді және ағзаның жағдайын теңестіреді. Осылайша, негізгі терапиямен ұштасқан гормоналды контрацепция аутоиммундық тиреоидит аясында ЖМҚА қалқанша безінің гормондарының деңгейіне теріс әсер етпейді және қалыпты қынаптық микрофора қалыптастыруға ықпал етеді.

32-34 202
Аңдатпа

Урогениталды трактің - бұл жыныстық тракттың төменгі бөлігінің және менопаузадағы зәр шығару жүйесінің ағзаларының патологиясының ең таралған түрі. Осыған байланысты жыныстық және зәр шығару жолдарының атрофиялық және дистрофиялық процестерін дамытуға байланысты қайталама асқынулардың симптомдық кешені анықталды. Жалпы алғанда, урогениталды бұзылулар менопаузаның басталуынан 5-тен жоғары жылдан кейін басталады. Менопаузада 55-60 жастағы науқастардың 50% - 75% бұл патология жиі кездеседі. Осы жас топтарында бұл жағдайы өмір сапасына теріс әсер етеді

35-37 154
Аңдатпа

Дамымаған жүктіліктің дамуының этиологиясын- да жетекші орынды түсік тастаудың хромосомалық ауыткулары иелейді. Бұл патологияның кездесу жиілігі 60-70% құрайды. Жүктілік үзілуінің иммунологиялық және гормоналдық механизмінде күшті жергілікті им- муносупрессормен анықталатын, эмбриопротекторлық әсерді қамтамасыз ететін, жиі прогестерон әсерінің жеткіліксіздігімен, ана жатырының эндометриінде лимфациттермен өндірілетін прогестерон ынталан- дырушы факторларды тежеудің бұзылуына ерекше көңіл бөлінеді.
Прегравидарлық кезенде емдеуші дәрігерлерге белгілінген тапсырмалармен және дамымаған жүктілікте репродуктивті жүйенің қалпына келтіру мәселелерін әрі қарай шешуді уйренудің актуалдық маңызы зор.

38-41 263
Аңдатпа

Созылмалы холецистит (өт қалтасының қабынуы) – өт қалтасының қабырғасында қабыну өзгерістерінің болуымен сипатталатын созылмалы қайталанушы ауру болып табылады. Жүктілік кезиңде әйелдің гормоналды өзгеруі айтарлықтай анықталады, сонымен холециститтің пайда болу себептерінің бірі болуы мүмкін.
Жүкті әйелдерге емдеу көбінесе науқас адамның басқа топтарымен сәйкес келеді. Дәрігерлік ем жүктiлiктiн кезинде барлық дәрілерді қолдануға болмайды. Олардың кейбіреулері ұрыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін.

42-43 178
Аңдатпа

Біріншілік және екіншілік бедеулік бірдей жиілікте кездеседі. Екінші бедеулікте аналық бездің эндометриозды кистасы және ішкі жамбас мүшесінің жабысқақтығы көп байқалады, оның себебі әйелдердің анамнездерінде операциялардың жиі болғандығынан. Аденомиозда бедеуліктің себебі имплантацияның бұзылуына және басқа да көптеген себептерге байланысты.

44-46 161
Аңдатпа

Гистерэктомия гинекологиялық практикада кең таралған операция. Қазіргі уақытта лапароскопиялық гистерэктомия (ЛГ ) ең тиімді және қауіпсіз операция деп саналады. Көптеген жарияланымдардың мәліметтері бойынша, «жаңа» операция ретінде лапароскопиялық гистерэктомияның «қисық оқыту» кезеңі әлемдік деңгейде өтті деп айтуға болады. Қазіргі кезеңде лапароскопиялық гистерэктомияны жүргізу техникасын операциялық араласуларға кеңінен және жаппай енгізуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін өңделген деп санауға болады.

47-48 119
Аңдатпа

Мемлекеттің басты проблемасы ана мен баланы қорғау проблемасы болып қалуда, ол оларды қорғау жөніндегі жаңа өлшемдердің перспективалық ісшараларын әзірлеуді талап етеді. Қазақстанда репродуктивті жастағы әйелдердің жалпы санынан 54,9%. Белсенді ұрпақты өрбіту жасында (20-35 жас) әйелдердің 24%. Осы мақсатпен біз репродуктивті денсаулықты нығайтуға және ана өмірін сақтауға әсер ететін себептерді зерделеуді шештік. ҚР ДСМ статистикалық деректерін талдау кезінде, жүйелі тәсіл негізінде еліміздің туылу коэффициентімен және туудың жиынтық коэффициентімен сипатталатын өңірлік ерекшеліктерін ескеру қажет екенін көрсетті.

49-51 167
Аңдатпа

Бүгінгі күнде денсаулық сақтау жүйесінің бірден-бір мақсаты болып барлық деңгейде медициналық көмектін сапасын жоғарлату болып тұр. Мақалада терапия бөлімінде емделген науқастардың сырқатнамалары сарапталып, соның қорытындысы көрсетілген.

52-54 157
Аңдатпа

Мақалада алкогольдік бауыр дертінің, яғни бауыр гепатиті, бауыр циррозы мен майлы дис- трофия сияқты ауруларының клиникалық көріністері мен биохимиялық талдамаларының ерекшеліктері зерттеліп көрсетілген.

55-57 196
Аңдатпа

Синдактилиттің балалардағы емі, травмотология- ортопедияның өзекті мәселелерінің бірі, диференциялды саусақ қозғалыстарының шектелуі қолдың функциясының және тірек-қимыл буындарының шектелуімен байланысты баланың қалыпты дамуның бұзылысымен тусіндіріледі. Крон әдісімен кейбір біздің модификациялармен қолданылатын операциялар натжесінде 15 баланы операциялық жолмен аяқ-қол саусақтарының функциясын қалпына келтірілді.

58-59 174
Аңдатпа

Мақалада асқазан және 12-елі ішек ойық жаралары дамуының негізгі себебі болып НР – қоздырғышын аластатудағы ем-шараларынң тиімділігі зерттеліп көрсетілген

60-62 146
Аңдатпа

Мақалада сирек кездесетін және тәжірибелік көмек дейінгейіндегі диагностикада қиындық туғызатын біріншілік холестатикалық бауыр циррозының клиникалық көріністері мен аспаптық және зертханалық тексерістерінің ерекшеліктері көрсетілген.

63-64 215
Аңдатпа

Мақалада алкогольдік бауыр дерттерінде дамитын өт іркіліс синдромының клиникалық көріністері мен биохимиялық өзгерістері көрсетілген.

65-67 134
Аңдатпа

Акушерлік массивтік қан кетуде репродуктивті ағза - жатырды сақтауға мүмкіндік беретін әр түрлі оталарды тиімділігі зерттелген. Қазіргі заманауи акушерлік қан кету кезінде колданылатын клиникалық хаттамалардың еңгізілу рөлі



ISSN 2790-1289 (Print)
ISSN 2790-1297 (Online)