Preview

Теориялық және клиникалық медицинаның өзекті мәселелері

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2019)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
27-29 219
Аңдатпа

Несеп тас ауруы- эндогенді және экзогенді себептермен, онымен қоса тұқымқуалаушылыққа бейімділікпен шақырылған, бүйректе және несеп жолдарында тастардың түзілуімен сипатталатын зат алмасу ауруы. Нефролитиаз- жоғары жиілікте кездесетін урологиялық ауру. Несеп тас ауруы- эндемиялық сипаттағы ауру, осыған байланысты кейбір аймақтарда кездесу жиілігі жоғары. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында несеп тас ауруының оперативті емі басым түрде- эндоскопиялық емдеу әдістері арқылы жүргізіледі. Эндоскопиялық оперативті ем- байланысты-лазерлік уретеролитотрипсия деп аталады. Бұл емдеу әдісі- тастардың әсіресе несепағардағы орналасуында тиімді. Зерттеу мақсаты: №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген науқастардағы несеп тас ауруының кез- десу жиілігін және емдеу әдістерінің нәтижелерін анықтау. Зерттеу әдісі: №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне несеп тас ауруымен жеткізіліп, емделген науқастарға кешенді талдау жүргізілді. Нефролитиазбен ауыратын науқастар- жасы мен жынысы, конкременттің локализациясы мен мөлшері бойынша үлестірілді. Зерттеу нәтижелері: Қабылдау бөліміне жеткізілген науқастардың негізгі шағымы- бел аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну болды. Ауырсынудың интенсивтілігі зақымдалған, яғни тас орналасқан бүйрек жағында жоғары. Несеп тас ауруында негізінен кешенді ем жүргізіледі: консервативті және оперативті емдеу әдістері. Талдау жүргізілген 33 (73,3%) науқасқа- байланысты-лазерлік уретеролитотрипсия жүргізілді. Лазерлік литотрипсия нәтижесінде- конкремент ұсақталып, қалдықтары фрагментацияланды. Ал, кешенді талдау жүргізілген 12 (26,6%) науқаста- бүйректің тостағанша-астауша жүйесі мен несепағардағы конкременттердің мөлшері кіші болғандықтан (< 0,5 см) медикаментозды ем жүргізілді. Медикаментозды ем- уродинамиканы күшейту арқылы, жоғарғы және төменгі несеп жолдарындағы конкременттердің өздігінен шығуына, несеп жолдарындағы инфекцияға қарсы және тастарды ерітуге (литолиз) бағытталды.

30-33 188
Аңдатпа

Түйіндеме. Біз жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері практикалық денсаулық сақтау мамандарының қажетті ғылыми-медициналық ақпаратпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуін көрсетті. Денсаулық сақтау ісін реформалау жағдайында практикалық денсаулық сақтау дәрігерлеріне мамандық бойынша ғылыми әдебиеттер қолжетімсіз немесе оның қолжетімділігі 67% - ға шектелген.

34-38 353
Аңдатпа

Мақалада Саумалдың табиғи химиялық құрамы, физикалық қасиеттері бойынша мал сүтінің барлық түрлерінен аналық сүтке ең жақын функционалды өнім ретінде сипатталған. Бие сүтінде ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың негізгі компоненттерінің физиологиялық функционалдығы расталды, олар жоғары биологиялық құндылықпен сипатталады. Саумалдың емдік қасиеті оның басқа да биоактивті компоненттерімен байланысты. Саумал қазіргі уақытта емдік – профилактикалық мақсаттағы құрал ретінде табиғи көп компонентті тек өзіне тән бірегей химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері бар, мультифункционалды азық – түлік өнімі ретінде ұсынылады.

39-40 202
Аңдатпа

Бұл мақалада егде жастағы адамдарға арналған күндізгі күтім орталығын құру және артериялық гипертензия және когнитивті бұзылулар сияқты жалпы терапевтік аурулармен медициналық және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету қарастырылған. Баяндамада медициналық, психологиялық, әлеуметтік, физикалық сауықтыру арқылы егде жастағы адамдарға алдыналудың тәсілдері көрсетілген.

43-44 155
Аңдатпа

Қысқаша мазмұны. Бұл мақалада жануарлардан шыққан коллагені бар шикізатты өңдеуге жарамды ферменттерді таңдау қарастырылады. Трипсин және Пепсин ферменттерінің белсенділігін салыстыра отырып, әрі қарай зерттеу үшін оңтайлы препарат таңдалды.

49-51 168
Аңдатпа

Уретральді аномалиялар әлі де балалар урологтарының назарын өзіне аударуда . Бұл ауруды емдеудің негізгі қағидалары бүкіл әлемде әмбебап болғанымен , бұл аномалияның кейбір нұсқаулары хирургтар үшін күрделі болып табылады. Біздің дәуіріміздің 100 және 200 жылға дейінгі кезеңінде Гелиодор мен Антиллус бұл ауруды алғаш рет сипаттаған кезден, және Гален алғаш «гипоспадия» терминін қолданған кезден бастап осы ауруды емдеуге маңызды қадамдар жасалды.

52-55 175
Аңдатпа

Анатомиялық ортопедиялық төсеніштің жоғары жиілікті тербелістерін қолдану систолалық қысымның төмендеуіне, дененің кернеу деңгейінің жоғарылауына және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға әкеледі



ISSN 2790-1289 (Print)
ISSN 2790-1297 (Online)